«Zhas Project» жобасында жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі

19.02.2024, 14:59
270
«Zhas Project» жобасында жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі canva.com

25 наурыз бен 24 сәуір аралығында «Zhas Project» әлеуметтік жобалар байқауына өтінімдер қабылданады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жоба шеңберінде жастарға 1 миллион теңге шеңберінде 280 шағын грант беру көзделген.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, жоба еліміздің барлық 20 өңірінде іске асырылады. Байқауға NEET санатындағы (экономикалық, әлеуметтік немесе саяси факторларға байланысты жұмыс істемейтін, оқымайтын жастар) 18-35 жасқа дейінгі жас қазақстандықтар қатыса алады.

«2022 жылдан бері жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта тарту мақсатында «Zhas project» гранттық бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталған. Әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды оқыту мен іске асыру арқылы NEET санатындағы жастар оң және нәтижелі қызметке тартудың бірегей тәжірибесін алады», - деді Қ.Қамбаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Байқауға ұсынылатын жобалар жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталып, 4 айдан аспайтын мерзімде іске асырылуы қажет. Шағын гранттарды іске асыруда білікті жаттықтырушыларды, тәлімгерлерді, психологтарды және әлеуметтік жобаларды іске асыру мамандарын тарта отырып, жастарға заңгерлік және консультациялық қолдау ұйымдастырылады.

Жобаны сапалы әрі тиімді іске асыру үшін әр өңірде жобалық кеңсе ашылды, колл-орталықтар құрылды, жастар жобаларын қабылдау үшін сайттар ашылды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының cisc.kz ресми сайтында арнайы «Zhas project» парақшасында әр өңірдің байланыс телефондары көрсетілген.

2024 жылғы 15 мамырда интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде іріктеу нәтижелері жарияланады. Ал қараша айында үздік жобалардың қатысуымен қорытынды форум өтеді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты