Ақтөбеде оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады: қайғылы оқиғаға қатысты сот басталды

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2024, 19:36
432
Ақтөбеде оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады: қайғылы оқиғаға қатысты сот басталды ашық дереккөзден

Ақтөбеде олимпиадаға бара жатып қаза болған қос оқушы мен мұғалімнің өлімі көпшіліктің есінен шыға қойған жоқ.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, оқиға осыдан үш ай бұрын Ырғыз ауданында болған еді. Айыпталушы орнында сол күні көлік жүргізген мектеп мұғалімі жауап беріп жатыр.

КТК телеарнасы мәлімдегендей, Жаныс би ауылының бес оқушысы ұстазымен бірге аудан орталығына бара жатқан. Жолдың жартысына жеткенде жеңіл машина қарсы бағыттағы жүк көлігімен соқтығысады.

Соттың алғашқы отырысына марқұм оқушылардың ата-анасы да қатысты. Қаза тапқан оқушының бірі сотталушының туған қарындасы. Ол қамауда отырып бауырының қабіріне топырақ та сала алмады.

Жәбірленушілер бұл сынаққа да көндік деп отыр. Көлік тізгіндеген жүргізушінің ауыр жаза арқаламағанын қалайды.

Бірақ боранды күні олимпиада ұйымдастырып, шалғай ауылдардан оқушыларды тасымалдау жағын қарастырмағандарға өкпесі қара қазандай.

«Үшеуміз де ағайынбыз, іргелес көршіміз. Жаныс би деген кішкентай ауыл. Үш үйдің шаңырағы ортасына түсті. Болар іс басымызға түсті. Сол сынаққа көндік. Енді мынаған халықтың тілегі қабыл болса екен дейміз. Ауылдың бәрі осы балаға тілекші болып отыр. Қабыл болса екен, жеңілдігін берсе екен дейміз», - Гүлбану Бахманова.

"Біз сені күтеміз": екінші сәбиіне жүкті Мақпал Исабекова күйеуінің тастап кеткенін растады 32 жастағы жігіт үйлену тойынан бас тартқан 16 жастағы қалыңдықтың басын шауып тастады Күзетшіні пышақпен қорқытып, сусын ұрлаған күдікті ұсталды "Сол" адамнан мені сақтап қалғанына шүкір": Анна Данченко жеке өміріне қатысты жазба жариялады Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады "Қызыңның сүйектерін сындырамын": Қостанай тұрғын шетелдік күйеуінен тығылып жүруге мәжбүр ҚР Президенті Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады Биыл елімізде өрт қаупі жоғары болады – ТЖМ Алматыда белгіленбеген жерде темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды Мешіттегі намаз уақытында бір-бірін сабай жөнелген ер адамдардың әрекеті елдің қызу талқысына түсті Павлодарда асханадағы жанжалдың соңы кісі өліміне әкелді Алматыға ең көп турист Үндістаннан, Италиядан, Қытайдан келеді Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті Олжас Бектенов авиабилеттерге баға белгілеу мәселесін шешуді тапсырды "Сулы сүлгімен ұрған": енесінен қан-жоса боп "таяқ жегенін" айтқан қызылордалық келінге қатысты тәтесі сұмдық жайтты айтты Әуежайдан шыққан шетелдік турист бірден ақшаға құныққан такси жүргізушілеріне кезігеді Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалдым Өзім де алғаш рет көріп отырмын: Мақпал Жүнісова жас кезіндегі фотоларын тауып алды Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды «Сегіз әйелдің анализі шықты»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібекке қатысты тағы бір дерек айтылды