Сенат төрағасы трансшекаралық өзендер проблемасы туралы: Халық нақты нәтижелерді көруі керек

29.02.2024, 14:20
201
Сенат төрағасы трансшекаралық өзендер проблемасы туралы: Халық нақты нәтижелерді көруі керек Parlam.kz

Бұл жөнінде Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата отырысында айтты.

 

Отырыс барысында депутаттар Жайық өзенінің экологиялық ахуалы және ондағы су ағынының азаюына қатысты мәселені көтеріп, Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекниязға сауал қойған еді. Осыған орай Палата Төрағасы бұл бағытта Мемлекет басшысы жүктеген нақты міндеттер бар екенін назарға алып, тиісті ведомствоны белсенділік танытуға шақырды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жайық өзеніне қатысты нақты тапсырмалар бергені белгілі. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды Ресеймен дәйекті және табанды түрде жалғастыру керек. Халық жүзеге асырылып жатқан шаралардың нақты нәтижелерін көруі қажет. Алдағы уақытта осы бағыттарда нақты әрі жүйелі жұмыс жүргізесіздер деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін Сенат отырысында депутаттар «Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Заңның нормаларына сәйкес мемлекеттер өз аумағында халықаралық су ағынын пайдаланған кезде басқа елдерге залал келтірудің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауға міндеттенеді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты