«Терезеде жарық пайда болды»: Шымкентте жолаушылары бар автобусқа тас лақтырылды

Аиса Махамбет Редактор
08.03.2024, 19:53
395
«Терезеде жарық пайда болды»: Шымкентте жолаушылары бар автобусқа тас лақтырылды fotobus.msk.ru

Полиция тергеуді бастады. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте бір маршрутпен жүретін бес автобус жүргізушілері қоғамдық көлікке бәзбіреулер тас лақтырды деп шағымданды.

Жүргізушілердің сөзіне сенсек, жайт кешке қарай болған. Қоғамдық көлік Таскешу тұрғын алабынан өтіп бара жатқанда бәзбіреулер автобустың терезесіне ірі тастар лақтыра бастады. Салдарынан автобус терезесінде жарықтар пайда болды, кейбіреулерінде тіпті сынықтар анықталды.

"Кешкі сағат 8 шамасында, қараңғы болды, автобусқа бір нәрсе тиіп кеткенін естідім. Түсіп қарағанымда ешкімді көргенім жоқ, тіпті оны кім лақтырғанын байқамадым. Терезеде жарық пайда болды. Бұл тек материалдық шығын емес. Терезе ашық тұруы да мүмкін ғой, жолаушыларға тиіп кетсе ше?", — деді жүргізуші Қасымбек Ахметов.

Дереккөз ақпаратына сәйкес, бес қоғамдық көлік зақымдалған. Бұл жайт үшінші және бесінші наурызда болған. Алдын ала болжам бойынша, оларды жөндеп, қалпына келтіруге миллионнан астам теңге қажет. Қазір қоғамдық көлік қызметкерлері келтірілген шығын мөлшерін есептеп, терезені ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, тергеу басталды.

"Абай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр", — деп жазады басылым құқық қорғау органдарының хабарламасына сілтеме жасап.

Қоғамдық көлік қызметкерлерінің сөзіне сенсек, Таскешу тұрғын алабынан тек №149 бағыты бойынша жүретін автобустар өтеді. Егер заң бұзушылар тез арада жауапқа тартылмаса, автобус жүргізушілері қоғамдық көлік бағытын қысқартып, қауіпті маршрутпен жүруден бас тартуы мүмкін, яғни жергілікті тұрғындар арзан көлік қатынау мүмкіндігінен айырылады.

"Біз қалалық көлік бөліміне де, Қаратау әкімдігіне де жүгіндік, бұлай жалғаса берсе, ауылға қызмет көрсетуді тоқтататын шығармыз, себебі бұл сорақы факт. Бүгін үш автобус жұмысқа шықпады, терезелерін ауыстырып жатыр", — деп ескертті "Южавтотранс" ассоциациясының төрағасы Дархан Каюпов.

Сондай-ақ автобус жүргізушілері ата-аналардан балаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрайды. Бұл кәмелетке толмағандардың ісі екені анықталса, автобустарға келтірілген материалдық шығынды бұзақылардың ата-аналары төлеуге мәжбүр болады.

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды