Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті

Аиса Махамбет Редактор
09.03.2024, 10:55
444
Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті бейнежазбадан алынған кадр

Оқиға мереке күні болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы индустриялық аймақ маңындағы жолдардың бірінде Volkswagen Golf көлігі өртеніп кетті.

Әлеуметтік желідегі парақшаның жазуынша, оқиға 8 наурыз күні шамамен сағат 13:50-де болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері барып, артында өрт сөндірілген.

Оқиғаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Көпшілік бейнежазбаны таратқандардың өртті өшірмегеніне ашулы.

«Газ құйып жүрген көліктер, газ жүйесін сақтық үшін өздеріңіз тексерулеріңіз керек. Соңғы уақытта қатарынан қанша көлік жанып кетті», «Неге ешкім көмектеспей өтіп кетіп жатыр? Ішінде адам жатса да бәрібір ме сендерге?», «Қаншама машина өтіп жатыр. Көмектеспейсіңдер ме? Бастарыңа келеді деп ойламайсыз ба? Масқара, тек телефонға түсіргенше көмектеспейсің ба?», - деп ашуланды жұрт.

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды