«Әділетті Қазақстан қашан орнайды?». Құзырлы органдар Ринат Зайытовтың сауалына жауап бере алмады

13.03.2024, 15:54
319
«Әділетті Қазақстан қашан орнайды?». Құзырлы органдар Ринат Зайытовтың сауалына жауап бере алмады baq.kz

Мәжілістің жалпы отырысында «Әділетті Қазақстан қашан орнайды?» деген депутат Ринат Зайытовтың сұрағын Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура жауапсыз қалдырды

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Осы мәселені айтататын басқа жерім жоқ. Сондықтан айтуға мәжбүрмін. Сұрақ Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Жоғарғы соттың өкілдеріне. Президенттің «Әділетті Қазақстан» деген халыққа үміт сыйлаған бір сөзі бар. Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кетіп, қамай алатын Ішкі істер министрлігі бар. Оған жоқ жерден айып тағатын прокуратура бар. Оған шешім шығара салатын сот бар. Осыған байланысты сұрақ. Әділетті Қазақстанды қашан орнатайын деп отырсыздар?», - деді Ринат Зайытов Мәжілістің жалпы отырысында.

Әділет министрі Азамат Есқараев депутат сауалының өзекті екенін айтып, бірақ сұраққа нақты жауап бере алмады.

Сұрағыңыз орынды. Мемлекеттік органдармен қайта пысықтап, сіздің сұрағыңызға жауап берейік, - деді ведомство басшысы.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үнсіз қалды.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды