Tech Orda 2024: жекеменшік IT-мектептерден өтінім қабылданып жатыр

14.03.2024, 17:52
475
Tech Orda 2024: жекеменшік IT-мектептерден өтінім қабылданып жатыр Astana Hub

Еліміздегі IT-білімді дамытуға бағытталған бағдарлама аясында әрбір студентке 600 мың теңгеге дейін мемлекеттік қаржы бөлінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Astana Hub халықаралық технопаркі базасында жүзеге асырылып жатқан Tech Orda бағдарламасына жекеменшік IT-мектептерден өтінім қабылдана бастады.

Tech Orda бағдарламасы жыл сайын 3 мыңнан астам IT-маманды даярлауды көздейді. Биыл IT-мектептерден өтінім 9 сәуірге дейін astanahub.com платформасында қабылданады.

Оқу ваучерлерін (гранттарды) бөлу механизмі процестің ашықтығы мен тиімділігін көрсететін үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде іріктелген IT-мектептер бағдарламаға қатысу үшін аккредитациядан өтеді, оны IT-нарық өкілдерінен тұратын тәуелсіз комиссия жүзеге асырады. Екінші кезеңде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен өңірдегі мектептерге тиесілі арнайы коэффициентті ескере әзірленген алгоритм арқылы әр курсқа бөлінетін ваучер саны анықталады. Соңғы кезеңде мектептер студенттерді алған ваучерлеріне сәйкес  тегін оқытуға іріктейді. IT-дағдыларды меңгергісі келетіндер үшін байқау мамыр айында жарияланады.

«2022 және 2023 жылдардағы Tech Orda бағдарламасының нәтижелеріне қарап, оның білікті кадрларды даярлау және елімізде IT бойынша білім беруді дамытуға қосып жатқан маңызды үлесін байқауға болады. Бүгінгі таңда 91 мектеп 6251 студентті оқытты. Бағдарламаға тек мегаполис тұрғындары ғана емес, өңірлерде тұратын кісілер де белсенді қатысуда – IT-мектептердің 40%-дан астамы және студенттердің 46%-ы әртүрлі аймақтардан. 2023 жылы мектептерден 102 өтінім түсті, бұл көрсеткіш алдыңғы лекпен салыстырғанда 65%-ға көбейген. Студенттердің өтінімдері де 75%-ға артып, 26 873-ке жетті», - деп атап өтті басқарушы директор Әзиз Тілеумұратов.

Бағдарлама түлектерінің 87%-ы жұмысқа орналасып, олардың орташа жалақысы шамамен 500 мың теңгені құрады. Түлектер Kaspi.kz, Halyk Bank, KPMG, Ernst&Young, Теңізшевройл, ҚазМұнайГаз, Freedom Finance, Kcell, Air Astana, Kolesa Group сияқты ірі компанияларды қоса алғанда, 1079 ұйымнан жұмыс тапты.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты