Алматыда жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2024, 19:12
569
Алматыда жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды zakon.kz

17 наурызда Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жолда апат болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем көлігі шұғыл келіп жетті. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Mitsubishi Lancer жеңіл көлігі Сейфуллин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей, неге екені белгісіз жолдан шығып бар жылдамдығымен ағашқа соғылды.

Күшті соққы салдарынан көліктің корпусына айтарлықтай зақым келген.  Алдыңғы әйнекке басымен қойып кетіп, сындырған жолаушы әйел дәрігерлер бригадасы келіп жеткенге дейін оқиға орнында жан тапсырды.

Оқиға орнында жол полициясының экипажы Mitsubishi Lancer көлігінің жолаушылар орындығында болдым деген ер адамды ұстады.

Алайда, фактілер, керісінше болып шықты. Ер адам ұсталып, есірткі қолданды деген күдікпен медициналық тексеруге жолданды. 

Полицияға мән-жайларды анықтау үшін сауда-ойын-сауық орталығының күзетшісі көмекке келді. Ол жолаушылар орындығы жағынан ер адамның жәбірленушіні сүйреп сыртқа алып шыққанын көргенін айтты. Бұл марқұмның жүргізуші емес, жолаушылар орындығында болғанын көрсетеді.

Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды «Сегіз әйелдің анализі шықты»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібекке қатысты тағы бір дерек айтылды Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Жиһаз алаяқтары: қазақстандағы жаңа алаяқтық фактілері Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр