Ерлі-зайыптылар бір-бірінің рұқсатынсыз банктен несие ала алмайды

21.03.2024, 17:54
318
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің рұқсатынсыз банктен несие ала алмайды tengrinews.kz

Енді жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша депутаттардың бастамасымен әзірленген заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі жазды. 

Заң жобасын қарау барысында депутаттар бірінші оқылымнан кейін несиелер мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің шекті көлемін анықтау, 2026 жылға дейін азаматтардың банктегі несиелері және микрокредиттер бойынша қарыздарын коллекторлық агенттіктерге сатуға мораторий енгізу, PDL микрокредиттерін немесе жалақыға дейін деп берілетін шағын несиелерді реттеудің ерекше режимін алып тастау туралы түзетулер енгізді.

Банк омбудсменіне тек банктік несиелер бойынша дауларды қарау өкілеттігі беріледі. Сонымен бірге микрокредиттер бойынша дауларды қарау құзыретін беретін микроқаржы омбудсмені институты енгізіледі. 

Сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасыларды қорғауға қатысты қосымша нормалар қарастырылды. Жылу беру маусымында оларды жалғыз тұрғын үйінен шығаруға жол бермеу ұсынылды.

Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады. Әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызметті өткерудің барлық мерзіміне банктік қарыз немесе микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру процесі автоматтандырылды.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті