Қазақстандықтар дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының қымбаттағанын қалай тексере алады?

29.03.2024, 10:10
221
Қазақстандықтар дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының қымбаттағанын қалай тексере алады? gov.kz

Бөлшек сегментте дәрі-дәрмектердің бағасын қалыптастыру туралы мәселе қоғамда әрдайым ерекше назармен талқыланатыны жасырын емес.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі — бұл денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі.

Дәрілік заттардың бағасына келетін болсақ, Қазақстан дәрілік заттардың бағасын реттейтін санаулы елдердің бірі екенін білу маңызды.

Жылына екі рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен келісім бойынша бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың сауда атауына шекті бағаларды бекітеді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 465 бұйрығымен дәрілік заттардың 6890 сауда атауының шекті бағасы бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабына сәйкес препаратты бекітілген шекті бағадан жоғары сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Алайда, бұл туралы барлық азаматтар біле бермейді.

Егер сізге дәріханада дәрі-дәрмектерді шекті бағадан жоғары сатқан жағдайда, шағымды DariKZ мобильді қосымшасы арқылы жаза аласыз. Онда сіз препараттың шекті бағасын таба аласыз. Сондай-ақ, сіз өтінішті онлайн eOtinish азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы немесе орналасқан жері бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жазбаша түрде жаза аласыз. Өтінішке сатып алу туралы чек қоса тіркеу қажет.

«Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты «Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді «Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады «Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті