Қызылорда облысында әйел жаңа туған егіз баласын 546 мың теңгеге сатып жіберген

30.03.2024, 15:17
465
Қызылорда облысында әйел жаңа туған егіз баласын 546 мың теңгеге сатып жіберген Depositphotos.com

Қызылордалық әйел егіз баласын 546 мың теңгеге сатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сотталушы Д. егіз баласы болатынын біліп, оларды сатуға шешім қабылдаған.

Қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін өзінің достары ерлі-зайыпты Ж. және К.-мен кездесіп, босанғаннан кейін балаларын ақшаға беруге келісетінін айтқан.

“Келісім бойынша ерлі-зайыптылар айыпталушыға 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары үшін дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін 60 000 теңге аударған. 2023 жылдың сәуір айында босанғаннан кейін айыпталушы жаңа туған балаларын ерлі-зайыптыларға тапсырып, 200 000 теңге алған. Содан кейін “сатып алушылар” келіскен соманы бөліп төлеуге келісіп, оған 252 000 теңге және тағы 34 000 теңгені бөлек аударған. Осылайша, айыпталушы Д. ерлі-зайыптылардан небәрі 546 000 теңге алған", – делінген хабарламада.

Кейінірек айыпталушы мен ерлі-зайыптылар нотариусқа жүгініп, балалардың биологиялық анасы оларды асырап алуға және кейіннен қорғаншылық жасауға келісімін берген.

"Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен балаларын сатқан сотталушы Д., кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар Ж. К., кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті