«Еркектерден қорқып қалдым»: Танымал блогер Juzzefinа зорлыққа ұшырағанын жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
04.05.2024, 20:37
1182
«Еркектерден қорқып қалдым»: Танымал блогер Juzzefinа зорлыққа ұшырағанын жасырмады жеке парақшасынан

Желі жұлдызына айналған Juzzefinа лақап атымен танылған Жұлдыз Жауынбаева ер-азаматтардан көңілі қалғанын “Ревю” бағдарламасында айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер “Қораға кірдік” картинасында басты рөлді сомдап, актрисалық қабілетін шыңдады. Айтуынша кейіпкердің тағдыры өзінікімен ұқсас болып шыққан. 

“2022 жылы жігіттіммен сәтсіз қарым-қатынас болған. Бірақ ол оқиға маған сабақ болып, мойымадым. Ақшалай 2 миллион, заттай 1 миллионға қарызға кіргізіп кетті. Тіпті маған қол көтеріп, зорлық жасауға дейін барды. Ұрып-жыққаны да жасырын емес. Оқиғадан кейін ер адамдардан қатты сескеніп, үйден шыға алмай қалған кездер болды. Психологпен жұмыс істей бастадым. Ер адам жоласа, айқайласа, бірден қорқыныш пайда болады. "Ұрып қалса, талып қаламын" деген ой келетін", – дейді желі жұлдызы. 

Сонымен қатар блогер қыздарға кеңес айтып, пысық болуға үндеді. 

“Қазақ қыздары жоқ жерде ұялып, жабылып қалады. Бұл дұрыс емес. Жұлып, жеп тұру керек. Мен өзім аңқау болдым. Зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанда айқайлау ұят емес. Жалпы ұят дегенді ұмыту керек. Жігіттерден де қу болып өмір сүруге болады”, – деп ақыл айтты блогер. 

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды