«Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
28.04.2024, 14:30
24609
«Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО) nur.kz

Автордың сөзінше, тәртіп сақшысы артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде полицей көлігінің видеосы жаппай тарап жатыр. Автордың сөзінше, тәртіп сақшысы артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскен. Ал аталған бейнежазбаға қатысты СҚО ПД пікір білдірді.

Видео астындағы жазбаға сенсек, СҚО-да блогер полицияның қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланғанын анықтаған. Онда тәртіп сақшысы "артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскені" де жазылған.

"ТЖ режимінде, мыңдаған отбасы баспанасыз қалғанда СҚО ПД қызметкері заң мен тәртіпті қадағалап, халықтың мал-мүлкін қорғаудың орнына артқы орындықта "махаббат ұйымдастырыпты", - делінген жазбада.

Ал видео кадрларынан анық ештеңе байқау мүмкін емес. Тек қызметтік көлік пен алдыңғы орындығында отырған азамат қана көрінген.

Аталған бейнежазбаға қатысты NUR.KZ тілшісіне СҚО ПД жауап берді. Ведомство баспасөз қызметі аудандық полиция бөліміне 44 жастағы азамат келіп, полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне арызданғанын айтты.

"Жүргізілген қызметтік тергеу барысында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу, сондай-ақ құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық фактісі анықталды.

СҚО ПД бастығының бұйрығымен қызметкер ІІБ-нен босатылды, сондай-ақ бірқатар басқа қызметкер, оның ішінде аудандық бөлім басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО) «Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (ВИДЕО) Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр