«Өзіңізді құр қол қоймаймын» деп сотталып кетпеңіз

28.02.2024, 17:41
295
«Өзіңізді құр қол қоймаймын» деп сотталып кетпеңіз коллаж: smartnews.kz

Парламент Мәжілісінде қызық бір оқиға болды. Мәжілісте «Параны сұрау мен параны ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткен екен.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Дөңгелек үстелге» депутаттар, прокуратура органдарының және антикордың өкілдері, судьялар, адвокаттар, тағы басқалар қатысқан. Жиында сый-сияпатты, яғни параны сөзбен емеурін танытып уәде ететіндерді де қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі талқыланыпты. Бұл жайлы депутат Самат Нұртаза әлеуметтік желіде жазды. 

Параны сөзбен ұғындырғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деген ұсынысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев айтыпты. Негізі осы нәрсе Парламент Мәжілісінде қаралуы да ғажап емес. Себебі «дөңгелек үстелде» талқыға салынған әңгіме Парламент Мәжілісіне ұсыныс деп қарастырылса керек. 

Самат Нұртаза, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Жалпы, пара алу, пара беру қылмыс екенін бәріміз білеміз. Енді параны сөзбен ұсыну да қылмыс болмақ. Мәжіліске осындай ұсыныс түсіп жатыр. Заңгерлер мен адвокаттар, прокурорлар мен соттар жиналды. Әр түрлі ой айтылды. Бұл заң қабылданса, «рақметіңді айтамын», «осы мәселені шешсең, ренжітпеймін», «бір соғым менен», «көмектесші, сені де ұмытпаймыз ғой!» деген сөздер үшін сотталып кетуге болады. Демек қылмысты әлі жасамасаңыз да, тек қылмысқа ынтаңыз бен зауқыңызды сөзбен айтсаңыз, сізге қылмыстық іс қозғауға болады».

Депутаттың сөзінше, кейбір адвокаттар бұл заңға қарсы шыққан. «Адамның сөзі – ол жай ғана сөз. Пара алса, қылмыс, параны ұсынса, қылмыс емес!» депті адвокаттар тобы. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен прокуратураның пікірі басқаша. Заңды шығаратын депутаттар ойланып отыр. Мен де ойланып қалдым. Бір жағынан агенттік өкілдерінің сөзі дұрыс, ал бір жағынан адвокаттардың сөзінде де жан бар», – деп жазды депутат.

Мінеки, мұны жаңа үрдіс деуге келеді. Егер ұсыныс Парламент Мәжілісінде қаралып, ақыр соңында заң қабылданып жатса, қуырдақтың көкесі сонда болады. Ел ішінде біреудің біреуге «сізге бір қой атадым», «соғымыңызды дайындап қоямын», «бір тайым сіздікі», «бір рестораныңыз менен», «костюм-шалбарыңыз менен», «өзіңізді құр қол қоймаймын», «өзіңізді риза етемін» деген сияқты сөздері бастарына бәле болып жабысуы мүмкін. Бұл сөздер ертең пара беруді немесе пара беруге ынтаны естіртіп сөзбен білдіру болып саналмақ. Ал сөзбен білдіру параны бергенмен бірдей болып қылмыспен теңестіріледі. Кім білсін, әдетке айналып айтып қалған ауыз оңайлықпен тыйыла қояр ма екен...

Шыны керек, параның мың-сан түрі бар. Әсіресе біздің елімізде параны алушылар оның кез-келген түрінен бас тартпайды. Ақша, жылжымайтын мүлік, көлік, жиһаз, алтын бұйым дейсіз бе, бәрі параның есебіне жүре береді. Ал кей жағдайларда пара орнына пішен, жоңышқа, мал, балық, ұрықтық бидай, тыңайтқыш, саяжай, жылыжай, жер телімі, ат, түйе сияқты нәрселер де пара ретінде беріліп жатады. Біздің халықта «қошемет» деген әдемі сөз де бар. Көрсеткен қандай да бір қызметіне байланысты болмаса да қойшылардың өз есебінен бастықтарға қошеметке қой беру әдеті кеңес заманында болды. Бізде «ауызбастырық» деген де бар. Айыбымды немесе істеген заңсыз әрекетімді біреуге айтып қоймасын де ауызбастырық берген. Яғни пара берген. Ауызбастырықты алған адам құпияны тісінен шығармайды.

Жоғарыда параның түрі көп дедік. Ұрыны жауапкершіліктен босату үшін полицей пара ретінде 50 мың теңгенің балығын алған оқиға болған. Мұнысы әшкере болып, 450 мың теңге айыппұл төлеп құтылған. Ал бір ауыл әкімі үйіргелік жер телімін бергені үшін азаматтан параға 200 мың теңге боларлық қи түріндегі тыңайтқыш алыпты. Бұл әрекеті үшін мойнына 6 миллион теңге айыппұл салынған. Параға автокөлік пен мал жарап тұр. Мысалы, қаланы газдандыру бойынша келісімдер мен атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін басшыға су жаңа Nissan Qashqai көлігі берілген екен.  Оны пара ретінде алды деген күдікке ілініп, қамалған. Көліктің бағасы - 10 миллион 466 мың теңге. Сол сияқты, аудан әкімі жерді жалға беру мерзімін ұзартқаны үшін кәсіпкерден 3 сиыр мен 2 жылқы және 650 мың теңге пара алған екен. Әкім үш жылға сотталған. Ортаға делдалдық еткен оның орынбасары 4 миллион теңге айыппұл төлеп құтылған.

Ендігі жерде ешкімнен пара дәметпей, «ымға түсінбеген дымға түсінбейді» дейтіндей болып жүрмесе шенеуніктердің істі болып кетуі оп-оңай. «Бармақ басты, көз қысты», «жең ұшынан жалғасқан», «сыйға – сый, сыраға – бал» деген нәрселерді ұмытуға тура келеді.

Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО)