Павел өзінің генетикалық «қазақ» әкесін іздеп жүр

1983-1984 жылдары анам мен әкем Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылында танысқан екен. Анам -аспазшы, ал өзім танымайтын әкем малшы болған көрінеді. 1985 жылдың 3 қыркүйегінде мен дүниеге келдім. Әкем ұлан асыр той жасап, ұлды болғанына қуаныпты. Үш-төрт ай өткен соң, әкем келіп отбасының анам өзге ұлт өкілі болғанына қарсы екенін , жақында қазақ қызына үйленіп, той күні белгіленгенін айтты. Анам оны түсініп, жібергені туралы менің әпкем, яғни (анамның бірінші күйеуінен   сол кездегі 13 жасар қыз) баяндап берді -дейді Павел.

1991 жылға дейін біз Нұраталды ауылында өмір сүрдік. Анамның айтуы бойынша әкем өте сымбатты, реңді адам болған,өте адал, ақкөңіл екенін жиі айтатын, ол туралы ешқашан жаман айтып  көрген емес. Керісінше менің мінезімді, болмысымды әкеме ұқсатып отыратын.  Толық отбасы болмаған соң, әкемнің қатал тәрбеисін көрмегеннен болар, мен көшеде өскен баламын.

Анам екінші рет тұрмыс құрды, бірақ 2006 жылы дүние салды, қазір менің  екі інім және әпкем бар, отбасымызда бәрі сары болса, мен ғана қара торымын, себебі тегім орыс болса, қаным қазақ. Әкемді 2016 жылдан бері іздеп бастадым,  әлі де нәтиже жоқ. Әкеме ешқандай өкпе ренішім жоқ, тек аман болса екен деймін, бауырларым болса, олармен және әкем қарсы болмаса әкеммен араласқым келеді деп ойын түйіндеді Павел. 

 

Павел Ивеляевпен сұхбаттасқан Мадина Нұрлан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *