Ата-анасының бақылауынсыз қалған 5 жасар бала көз жұмды

Қайғылы жағдай Алматы облысындағы Байсерке аулында орналасқан демалу орталығында болды. Облыстық Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, бассейнде қалып қойған ұл бала малтып жүріп, суға тұншығып қалыпты. Бүлдіршіннің жансыз жатқан денесін аквапарктің демалушылары байқап қалып, сыртқа алпы шыққан. Өкінішке қарай, құтқарушылар мен дәрігерлер қанша жанталасқанымен баланың өмірін сақтап қалма алмады. Өкпесі суға толған ол ауруханада жарты сағаттан кейін ес жимастан көз жұмған.

Облыстық ІІД өкілі Сергей Незнаевтың айтуынша, суға батып кеткен баланың ата-анасы полиция бөліміне арыз жазған. Арыздарында қайғылы жағдайдың оқыстан болғанын, ешкімді де бұл жағдайға кінәламайтындарын атап өткен. Қазір аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құзырлы орган өкілдері оқиғаның нақты қалай болғанын анықтауда екен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *