Жас келінін өлтірген қайын атасы бар кінәні өз мойнына алды

Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық істер қарайтын ауданаралық мамандандырылған сотында 27 жастағы Ақерке Қозыкешованың өліміне қатысты іс басталды. Семей тұрғынын Оралдағы екі жасар Әлішер есімді ұлын алып кетуге келгенде өлтіріп тастаған деп хабарлайды nur.kz тілшісі.

Қылмыстық оқиға 2018 жылдың сегізінші сәуірінде Орал қаласының орталығындағы 14 қабаттық жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Әйел денесінің сау тамтығы қалмаған еді.

«Оның бетінде түрлі ісіктер болды, кеудесіне пышақ сұғылған. Менің қызымды қылқындырған. Денесінің сау тамтығы қалмады. Сотмедициналық мамандар оның барлық қабырғалары сынып кеткенін айтты«, — дейді қайтыс болған келіншектің анасы Бибігүл Ермұханова.

Өлтіргені жайлы кінәні Ақерке Қозыкешованың бұрынғы қайын атасы, 51 жасатғы Асылбек Умаров өз мойнына алды. Алайда, сотта ол жауап беруден бас тартты.

«Умаров Қозыкешова жалдаған пәтерге таксимен келген. Ол немересін Семейге алып кетеді деп қатты қорықыпты. Ер адам онымен сөйлесуге тырысқан, алайда келіншек шу шығарып, ер адамды балағаттай бастады.

Пәтер ішінде ол жұдырығымен әйелдің бетінен ұрып жіберіп, жерге құлап қалғаннан кейін аяқ-қолымен оның денесінен, бетінен ұра бастаған. Кейін шортыдан қалған баулармен оны тұншықтырмақ болыпты. Ақыры соңында ас үйден қолына пышақ алып, жүрегіне сұғып жіберген. Ол сол жерде тіл тартпай кетті«, — деді прокурор Ержан Иманғалиев.

Қайтыс болған әйелдің анасы моральдық залал үшін 10 миллион теңге сұратыпты.

«Біз бұл қылмысты Асылбек Умаровтың жалғыз өзі істегеніне сенбейміз. Менің ойымша, бұл қылмысты ол келінінің бұрынғы күйеуі Саят Қозыкешовпен бірге істеген. Оны іздестіріп жатқанда, Саят қан іздерін киімінен жуып тастаған. Қылмыстан кейін оны 10 күн бойы іздестірді«, — деді Бибігүл Ермұханова.

Еске сала кету керек, арада туған даудың бір себебі — бейбіт түрде бөлісе алмаған екі жасар ұл бала еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *