Каннибализм үшін сотталған азамат мазарда жұмыс істеп жүр

Ақтөбе мазарында адам жегені үшін 19 жылға сотталған азамат жұмыс істеп жүр. Бірер уақыт бұрын ол қайта әлеуметтендіру орталығынан шыққан болатын.

Аталған орталық бастапқыда тұрғылықты мекен-жайы жоқ жандарға арналып ашылған болатын. Алайда, 2013 жылдан бастан бұл орталыққа қылмыскерлерді де жайғастыра бастаған. Солардың ішінде 19 жыл каннибализм үшін сотталған 2 азамат болған. Бостандыққа шыққан соң олар жалғыз қалған, себебі туғандары олардан бас тартыпты. Сөйтіп олар қайта әлеуметтендіру орталығына түскен.

«Жуырда біз оларды орталықтан шығардық. Қазір біреуі маразда жұмыс істеп жатыр. Ал екіншісін Қорғаныс басқармасына орналастырған болатынбыз. Хаттарды таратушы ретінде. Алайда кейін ол жерден шығып кетіпті. Енді қаланың ескі бөлігінде тұрып жатыр» — дейді орталық басшысының оранбасары Жалын Молдағалиев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *