Нұрлан Байділдә Абай Құнанбаевты жалған образдағы адам деді

Белгілі кәсіпкер Нұрлан Байділдә соңғы жылдары қоғамда жарқын танылып жүр. Ал оның соңғы видеосы тіпті үлкен резонанс тудырды. Оған себеп, кәсіпкер қазақ қоғамы Абай Құнанбаевты пір тұтып, үлгі етуін доғару керек дейді. Оның образы әдейі Совет үкіметімен қазақты адастыру үшін жасалған, яки, шын мәніндегі ұлы тұлғаларымыз айтылмай қалып жатыр дегенге келтірді.

Атап айтқанда, кәсіпкер жігіт, «Абайдың қара сөздерінде» ақынның өзі 45 жасқа келіп бәрінен жалықтым, билік те, ғылым да, мал да керек емес, тек осы қағаз бен қалам… деген ойларын алып, сол образ қазақты әлсіз қылатынын жеткізген. Байділдәнің сөзінше, біз ол образдан шығып, шын мықтыларды: Қазақ хандығын құраушы Жәнібек пен Керей хандар, қазақ жерлерін қайтарған Қасым хан мен жоңғарларға төтеп берген Абылайдай хандарымызды ұлықтасақ қана мықты ұлт бола аламыз дейді.

Дегенімен, видео соңында кәсіпкер: «Бұл сөзім көпке ауыр тию  мүмкін, қазір түсінбесеңіздер, болашақта түсінерсіздер» — деп түйіндеді.

Видео:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *