Сұмдық жол апаты 1 жасар сәби мен ер адамның өмірін жалмады

Сұмдық жол апаты 1 жасар сәби мен 34-тегі ер адамның өмірін жалмады. Қатты соққыдан тағы үш бала мен төрт ересек түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы Балқаш қаласына кіреберісінде болған. Алдын-ала болжам бойынша, Мерседес көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, өзге темір тұлпармен бетпе-бет түйіскен. Кейін қатты соққыдан соң бірі отқа оранып, жанып кетіпті. Апаттан екі автомашинада отырған жолаушылар мен жүргізушілер қатты зардап шеккен. Кейбірінің өмірі үшін қазір дәрігерлер арпалысып жатыр. Айта кетейін, екі көлікте де отбасы мүшелері отырған екен.

«Жол апатынан 9 адам зардап шекті. Бір әйел адам, бір ер адам және де бір бала 2018 жылы туған, олар реанимация бөлімінде жатыр. Жағдайлапры орташа, қалғандары палатада жатыр. Бүкіл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлердің қадағалауында жатыр олар. Науқастар әр түрлі жарақат алған. Жамбастарды сындырған» — деп хабарлайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *