Грекияда алапат өрт тұтанып, 50 шақты адам көз жұмды (Видео)

Грекия астанасы Афинадан 50 шақырым жердегі таулы аймақта қарағайлы орманда алапат өрт тұтанып, 50 шақты адам көз жұмды. Бұдан бөлек, қызыл жалыннан 88 адам зардап шеккен. «Көбінің жағдайы ауыр»,- дейді дәрігерлер. Қазіргі таңда тілсіз жаумен 600 маман 300 техниканың көмегімен күресіп жатыр. Сондай-ақ, қызыл жалынды ауыздықтауға 3 ұшақ пен 2 тікұшақ жұмылдырылған.

Фото aljazeera.com

Алайда, құтқарушыларға отты ауыздықтауға аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіруде. Өрт Афина мен Коринфом жағалауына жеткендіктен, ел билігі бұл аймақта төтенше жағдай жариялап, Еуродақтан көмек сұрауда. Айта кетейін, жаз айларында Грекияда орман өрті жиі болып тұрады.

Видео:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *