Қазақстанда зиянды бағдарламасы бар 300-ге жуық сайт анықталды

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі интернет қолданушыларға зиян келтіретін 288 қазақстандық сайтты анықтады. Ақпарат Қазақ желілік ақпараты орталығына бағытталды.

Орталыққа қажетті шара қолдану керектігі туралы хабар берілді. Сайттардан зиянды бағдарламалардың таралып жатқаны анықталды.

Қазнетте 124 доменнің қызмет көрсетілуі тоқтатылған еді. Өйткені жауапты тұлғалар анықталған құқық бұзушылықтарды жөндемеген.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті интернет қолданушыларына компьютерлерін антивирус бағдарламалары арқылы тексеруге кеңес береді. Одан бөлек, компьютердегі бағдарламаларды тұрақты түрде жаңартып отыру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *