Димаш Ниязов Дженнифер есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді (Видео)

Нью-Йорктың ең үздік полицейі атанған шымкенттік боксшы Димаш Ниязов желідегі парақшасында жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Шымкенттік жігіт Дженнифер есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді.

Жастардың тойы Мауи аралында болған. Оның үйленгенін естіген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жазып, оған ақ тілектерін жаудыруда.

Еске салсақ, Димаш Ниязовқа АҚШ-тағы ірі наркобаронды ұстағаннан соң «Нью-Йорктың» үздік полицейі» атағы берілген еді. Қазіргі таңда ол боксшы ретінде танымал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *