10 жыл бала аңсаған отбасыда үшем дүниеге келді

Елордадағы Ана мен бала орталығында бүгін таңғы 10 шамасында үшем дүниеге келді. Бақытты ана атанған Аманжолова Мақпал Құбайдақызы қуанышты екенін жеткізіп, дәрігерлерге үлкен алғысын білдірді.

Үшемдердің әрқайсысының салмағы 2095 гр. Есімдері: Абуталиб (ұл), Нэйля (қыз) және Адилья (қыз). Барлығының денсаулығы тамаша.

Айта кету керек, аталған шаңырақ үшін бұл шын мәнінде үлкен қуаныш, себебі ұрпақ сүюді жас отбасы 10 жыл күткен.

Бір күнде 3 баланың әкесі атанған Азамат Аманжолов ақ халатты барлық абзал жандарға, әсіресе бөлім меңгерушісі Сайдильдинова Ляззат Лаулекқызына шексіз риза екенін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *