Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті ұсталды

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов тергеу ісінің кейбір деректерімен бөлісті.

«Аталған іс Бас прокурордың жеке бақылауында тұр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 193 баб 3 тармағына сәйкес нақты процессуалдық прокурор тағайындалған. Іс екі баб бойынша қозғалды – ұйымдасқан топпен қасақана кісі өлтіру және топ болып пайда табу мақсатында қарақшылық жасау», — деді ол.

Сонымен қатар, Ахметжанов мырзаның айтынша, бұл қылмысқа байланысты 3 күдікті ұсталған. Жиналған дәлелдер жеткілікті және олардың заңдылығы прокурорлармен тексерілуде. Сот санкциясы бойынша олар қамауда отыр.

Белігі болғандай, үшінші күдікті біле тұра «қылмыс туралы хабарламағаны» үшін құрықталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *