Шемішкенің қабығын жерге тастаған елорда тұрғыны бір тәулікке қамалды

Астанада бір жылдың ішінде екінші рет ұсақ бұзақылық жасаған ер адамды сотталып, бір тәулікке қамауға алды.

«2018 жылдың шілде айында А. есімді азамат Досмұхамедов көшесіндегі №4 үйдің ауласында шемішкені шағып, оның қабығын жерге лақтыру арқылы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерімен А. есімді азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабын «Ұсақ бұзақылық» бір жыл ішінде қайта жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — делінген ІІД Жергілікті полиция қызметінің хабарламасында.

Көшпелі сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындап, енді қайталамауға сөз берді.

«Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен А. есімді азамат кінәлі деп танылып, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2т. «Ұсақ бұзақылық» бойынша 1 тәуліктік әкімшілік қамауға алынды», деді хабарламада.

Жергілікті полиция қызметінде атап өткендей, ұсақ құқықбұзушылыққа «Нөлдік төзімділік» қағидатын орындау аясында қоғамдық орындарда алкогольдік сусындар ішу, темекі шегу, қоқыс тастау сынды 35 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *