Павлодарлық зейнеткер сау болса да 15 жыл бойы психиатриялық ауруханада жатқан

Қазақстандық дәрігерлер 15 жыл бойы жүйке ауруымен ауырмайтын Павлодар тұрғынын психиатриялық ауруханада ұстаған.

Павлодарда тұратын зейнеткер Елубай психиатриялық ауруханаға алғаш рет 41 жыл бұрын түскенін айтады. Ауруханаға бұны бұрынғы әйелі мен туысқандары жатқызған. Елубай ол кезде Атырау облысында тұратындықтан, сол жақтағы психауруханаға түскен. Психоневрологиялық диспансерде оны 10 жыл бойы заңсыз ұстап, ауыр дәрілер құйған.

«Ол жақтағы дәрілер өте ауыр. Егер таблетка берсе, құрамында аминазин, тизерцин, галоперидол сияқты заттар болады, бұндай таблеткалар 30-40 тал. Бір-екі талын ішсең, таңертең оянбай қалуың мүмкін», – дейді зейнеткер.

Ер адам өзінің дені сау екенін дәлелдей алмаған. Медбикенің көмегімен Павлодарға жеткен ол қайтадан сол жақтағы психдиспансерге түсіп қалған. Ол жақта Елубайдың бес жылы өткен.

Қазақстанда әділетті сараптама болмайтынына көзі жеткен соң тәуелсіз сарапшыларға жүгінген. Еріктілер мен қоғам белсенділерінің көмегімен Мәскеудегі Сербский атындағы ғылыми-зерттеу орталығына тексерілген. Олар Елубайдың жүйке жүйесі сау екенін, психиатрдың көмегін қажет етпейтінін анықтаған.

«Ол екі анықтама алып, Павлодарға келеді, облыстық психоневрологиялық диспансерге көрсетеді, олар да өзіндік сараптамаларын жасап, дәлелдейді. Комиссия құрылып, бұны тексереді, сосын жібереді», – дейді зейнеткердің заңды өкілі Айгүл Іргебаева.

Психиатриялық клиникадан Елубай 1991 жылы шыққан.

Қазір зейнеткер тағдырын талан-тараж қылған Атырау және Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерлерін сотқа беріп отыр. Моральдық шығын есебінде 3 миллион теңге талап етпек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *