Ақмола облысындағы алтын кенішіне 12 адам шабуыл жасады

Ақмола облысының Шортанды ауылындағы «Қазақалтын» аумағына 12 адамнан құралған топ баса-көктеп кірген. Олар бірге ұйымдасып, күзетшілерге шабуыл жасапты.

Топқа қарсы әрекет жасау үшін қарауылдар бірден көмек шақыртқан көрінеді. Оқиға салдарынан екі адам ауруханаға түсті. 

Ақмола облысты ІІД өкілі Гүлнар Пинчуктың хабарлауынша, алтын ұрламақ болған қарақшыларға қарсы «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *