Бір жазда Астаналық №1 перинаталдық орталықта төртінші ана өлімі тіркелді

Бір жаз мезгілінің өзінде Астана қаласында орналасқан №1 перинаталдық орталықта төртінші ана өлімі тіркелді деп хабарлайды Еуразия арнасы. 29 тамыз күні перзентханаға өз аяғымен барған Альфия Спабекованың туыстары қалайша оның жүрегі тоқтап қайтыс болуы мүмкін деп түсіне алмауда. Сүйінші жаңалықтың орнына қаралы хабар алған жақындары орталық мамандарының кәсіби біліктілігі мен дәл сол күні босандыру процесінің талапқа сай болғанына сенімді.

«Бір жас жігіт келді. Ол үндеген жоқ. Оның орнына заведущий бар екен толықтау келген соның орнына жауап беріп тұр.Мен айттым мынау ма қабылдаған? Мынау жап жас бала ғой дедім. Мынау қайдан қабылдайды деп ұрыстым оған. + Келінім ауырмаған дедім. Ол айтады сахарный диабеті бар екен дейді. Сахарный диабеті болса неге кесіп алмадыңдар дедім. Бәрі біткеннен кейін айтып тұр» — дейді марқұмның туысы Қайрат Бекпанов.

Марқұмның өзі қайтыс болғанымен жатырында болған бала аман қалған. Дегенмен, оның жағдайы да қазір мәз емес көрінеді. Ал Альфия Спабекованың артынан жолдасы мен 13 және 8 жастағы екі баласы қалып отыр. Осыған дейін қос ұлын да аман есен босанған келіндерінің мұндай жұмбақ өліміне перинаталдық орталық қызметкерлерінің қатысы бар деген болжам жоқ емес. Істің ақ-қарасын анықтап, әділдік орнату үшін туыстары соңына дейін барамыз дейді.

«Мына больницаға құдай өзі жолықтырғанын. Өзі проклитый больница ғой деймін. Үшінші, менің келініммен қоса есептегенде төртінші адам қайтыс болып жатыр. Уже адамдар да қорқып қалды больницаға баруға. Келіп тексерді дейді. Білмеймін қалай тексергенін. Келеді де, жабулы қазан жабулы күйінде қалады» — деді Қайрат Бекпанов.

Еске салайық, осыған дейін Астана қаласында төрт әйел перзентханада көз жұмған болатын. Олардың үшеуі осы нөмірі бірінші перинаталдық орталықта босанбақ болған. Бұл оқиғалардан кейін жоғарыда аталған орталықта әйелдерді босандыру тоқтатылған еді. Енді міне қайта жандандыру барысында ана өлімі тіркеліп, қайғылы оқиға қайталанып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *