«Жастар» театрында өрт шықты

Өрт сөндірушілер дер кезінде қимылдамағанда, Астанадағы «Жастар» театры дымы қалмай жанып кетер еді. Есенберлин көшесінде орналасқан нысаннан будақтаған қара түтінтің шығып жатқаны туралы суыт хабар мамандарға кеше кешқұрым түскен. Бірден 60 өрт сөндіруші мен 16 техника тартылған.Өрт сөндірушілер   оқиға орнына келіп жеткенде театрдың шатырының жанып жатқанын байқады. Бірден іске кіріскен мамандар қызыл жалынның таралуына жол бермей, өртті жарты сағаттың ішінде толық сөндірді. Ал осы уақыт ішінде тілсіз жау 50 шаршы метр аумақты шарпып үлгеріпті. Әзірге оттың қалай тұтанғаны белгісіз. Шығын көлемі есептеліп жатыр. Қуанышқа орай оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *