Сақ болыңыз «ұрылар»

Астана қаласында  коттедждерге ұрлыққа түсіп, жұрттың бағалы дүние-мүліктерін үптеп кетіп жүрген 6 басукеспе қолға түсті. Полицейлердің мәліметінше, қаскөйлер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып баспанаға пластикалық терезелерді бұзып, кіріп жүрген екен. Сөйтіп ақшаларды, құнды тондар мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Тергеу барысында күдіктілердің Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Түркістан облысының тумалары екен анықталды. Жастары 25 пен 30-дың аралығында. Тәртіп сақшылары олар жалдап тұрған пәтерлерге тінту жүргізіп, айғақ зат ретінде қолды болған дүниелерді тәркілеген. Әзірге күдіктілердің осындай алты фактіге қатысы бары анықталды. Бұл факті бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *