Жарты сағат бойы балкон сыртында салбырап тұрған кішкентай қыз

Жарты сағат бойы балкон сыртында салбырап тұрған кішкентай қыздың видеосы әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Павлодарда болған жаға ұстататын оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеді.

Бүлдіршіннің бір қолымен 4-қабаттағы балконның жақтауына жармасып, ұстап тұрғанын көруге болады. Ал, төменде тұрған ер адамдар құлап кете ме деп қауіптеніп, кілем тартып, оны тосып тұр. Абырой болғанда, оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы сатының көмегімен жоғарыға көтеріліп, кішкентай қызды құтқарды. Оқиға, қаладағы 9 қабатты үйлердің бірінде болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, сол сәтте бала ата-анасының қарауынсыз пәтерде жалғыз қалған көрінеді. Алайда, әзірге қыздың балкон сыртына қалай және не үшін шығып кеткені белгісіз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *