Головкин Альвареспен жұдырықтасқан соң кәсіби бокстан кете ме?!

Геннадий Головкин Сауль Альваресті жеңген жағдайда кәсіби мансабын аяқтау-аяқтамауы туралы сұраққа жауап берді.

Басылым тілшісі әлем чемпионынан: «Егер 15 қыркүйекте жеңіске жетсең, ол сенің соңғы жекпе-жегің болуы мүмкін бе?» деп сұрады.

«Бұл туралы менен 15 қыркүйектегі жекпе-жектен кейін сұраңыз. Қазір өзімді жақсы сезінемін және күшімнің бар екенін сеземін. Егер жанкүйерлер менің бокстасқанымды әлі де қаласа көрерміз», – деді Головкин.

Естеріңізге салайық, Головкин мен Альварес бірінші жекпе-жекте тең түсті.

Рематч Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 15 қыркүйекте өтеді.

Тікелей эфирді 16 қыркүйек таңертең Qazaqstan мен Qazsport арналарынан көруге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *