«Nur.kz» журналисінің өліміне қатысты ІІМ пікір білдірді (Видео)

«Nur.kz» ақпараттық агенттігінің журналисі Ирина Бекетованың жансыз денесі өз үйінің алдынан табылған болатын. Оны өзімен бірге тұратын Гусейнов қызғаныштың кесірінен ұрып-соғып өлтіргені анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Гусейновты Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Ижевск ауылынан ұстады. Қылмыскерді қолға түсіру кезінде ол ешқандай қарсылық көрсетпеді, қашып кетуге тырысқан жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *