Депозиттегі ақшаны шығарып алғандар айыппұл төлейді

Депозиттегі ақшаны уақытынан бұрын шығарып алғандар айыппұл төлейді. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді. Бұл шарт тек мерзімі бар салымдарға қатысты. Мәселен, мерзімді салымға 100 мың теңге салынды делік. Депозит иесі ақшаны 10 айдан кейін шығарып алса, жинақталған сыйақының жартысы айыппұл ретінде банкте қалатын болады. Ал, егер салым мерзіміне сәйкес алынса, сыйақысы толық төленеді. Айыппұл ұсталмайды, деді қор төрағасы. Естеріңізге салайық, елімізде бірінші қазаннан бастап ашылған мерзімді және мерзімсіз салымдарға ашу және қызмет көрсету шарттары өзгерді. Салым мерзіміне қарамастан депозиттің сыйақы мөлшерлемесі 10,5% деп бекітілді.

Тілші Нағашбек Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *