Ұшаққа билетсіз өткен Төреғалидың әрекетіне қатысты ресми пікір

Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» ұшағына билетсіз өтіп кеткен әнші Төреғали Төреәлінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Комитет дерегінше, Алматы-Гонконг рейсінің бортында болған оқиға тіркеуге алынған. Қазіргі уақытта қажетті шаралар жүргізіліп жатыр екен. «Авиациялық қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды. Тексеру барысында бұл оқиғаның анық-қанығы зерттелетін болады», — делінген комитет таратқан ақпаратта. Ведомоство өкілдері, біздің арна тілшілеріне тексеріс аяқталғаннан кейін ғана сұхбат беретіндерін жеткізді. Ал эстрада жұлдызының ұшаққа қалай кіргенін құзіретті органдар анықтайтын болады.Естеріңізге сала кетейік, күні кеше «Эйр Астана» ұшағының VIP-залына билетсіз кірген Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған болатын. 13 қыркүйек күні Алматы-Гонконг бағытында ұшатын 929 рейсті ұшақтың ішіне әнші балаларын көтеріп кірген. Алайда тексеріс кезінде оның қолында билеті жоқ екені анықталады. Осыдан соң рейс өз уақытынан 18 минутқа кешігіп ұшқан. Белгілі болғандай, әнші тек әйелі мен балаларын шығарып салмақ болған екен. Алайда оның ұшақтың бортына қалай өтіп кеткені жұмбақ күйінде қалып тұр.

Тілші Нағашбек Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *