Сирияда жүрген қазақстандық содырлардың әйелдері елге оралмақ

Сириядағы соғыс алаңында жүрген қазақстандық содырлардың әйелдері елге оралмақ. Интернетте дәл осындай бейресми ақпарат тарап кетті. Инсайдерлік ақпарат көздерінің дерегінше, Сирия мен Ирак шекарасындағы босқындар лагерінде қазақстандық келіншектердің тізімі жасалып қойған. Бірақ олардың саны қанша және олардың балаларының бар-жоғы нақты айтылмаған. Біз бүгін бұл ақпарат бойынша еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты сөзге тартқан едік, мынадай жауап алдық.

«Ол барлық мәселе бойынша толық ақпаратты сіздерге беретін боламыз. Біз немесе басқа күрделі тиісті мекемелер атынан алатын боласыздар» — деді ҚР Сыртқы істер министрі, Қайрат Әбдірахманов.

Тілші Нағашбек Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *