Қазақстандық оқушылар аяқ киімін ақшамен сүртіп елді шулатты

Қазақстандық оқушылар аяқ киімін ақшамен сүртіп жатқан видео әлеуметтік желілерді шулатты. Оқиға мектепте үзілісте болғанға ұқсайды. Балалар 1 мың, 2 мың теңгелік купюралармен аяқ киімдерін ыждағаттылықпен ысқылап отыр. Өздері өте көңілді. Алайда, ата-аналары берген ақшаны ешқайсысы да лақтырғысы жоқ.

Болған іс болды. Бұл өз еңбегімен ақша тауып көрмегендердің біреудің маңдай терімен тапқан теңгесіне немқұрайлы қарауы. Оқушылардың беті көрінбейді, бірақ оларға күлкілі екені анық естіледі. Әлеуметтік желіні қолданушылар балалардың бұл әрекетін сынап тастады. Дегенмен, біздің қоғамда оларды жамандыққа үйрететін жайттар жетерлік. Биыл жазда қазақстандықтар 10 мың теңгелік ақшамен туфлиін көпшілікке көрсете сүрткен, кейін жерге тастай салған жігітті жазалауды талап еткен болатын. Ол бетін жасырмады. Сөйтсе де, жігітті ешкім жауапқа тартқан жоқ. Аяқ киімін шүберекпен емес, 200 теңгелік купюрамен сүрткен тағы бір жерлесіміздің әрекеті де жазасыз қалды.

Тілші Нағашбек Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *