Оқушыны зорлап, анасын өлтірген қаскөй жазадан сытылып кетті

Қызылордада 3-сыныптың оқушысын зорлап, ал оның анасын өлтірген қаскөй жазадан сытылып кетті. Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабымен айыпталған күдіктіге қатысты іс сотқа қыркүйек айында түскен болатын. Айма қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, айыпталушы психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілген. Үнемі бақылауда болады.  Өйткені, сот-психикалық сараптамасы  ер адамның  сол сәтте  әрекетіне жауап бере алмайтын ессіз  күйде болғанын көрсетіпті. Ол қазір Алматы облысындағы жүйке жүйелері ауруынан емдейтін ауруханада жатыр. Естеріңізге салсам, жантүршігерлік жағдай маусым айында ұала маңындағы саяжайларының бірінде болған еді. Айуаннан қызын арашаламақ болған анасы қаза болды. Олар саяжайда  пәтер жалдап тұрған екен, ал отағасы жұмыс іздеп Астанаға кеткен.

Үйде ер кісінің жоқтығын білген 40-тан асқан еркек ішімдікке тойып алып, баса-көктеп кіріп, білгенін істеген. Кейін күдіктінің  арам ойын іске асырардан бірер уақыт бұрын әйел мен қызды дүкенге апарып балмұздақ, азық-түлік алып бергендігі белгілі болды. Олар көрші тұрған екен.

«Сол енді болған күні түнде естідік, 11 жарым 12-лерге таман естідік-ау. Милиция қаптап кетті осы жерде. Дәл біздің үйдің түбі. Қызды алып бара жатқанда тышып, құсып бара жатыр. Мамасы нанға шығып кеткен кезде болған жағдай дейді ғой менің естуім бойынша» — дейді көршісі Жұлдызай Сейітбек.

Осы оқиғадан соң жеткіншек балалар ауруханасына жеткізіліп, оны медициналық тексеруден өткізген дәрігерлер зорланғанын дәлелден, жансақтау бөліміне жатқызған болатын. Түрлі дене жарақаттарынан бөлек ол шок алған. Ақ халаттылардың бақылауында болған қыз біріаз уақыт

Білім басқарамасына қарасты кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығында болды.

Ол жерде ем-дом алып, психологиялық көмек көрсетілген. Жуырда туыстары қамқоршылығына алып, Ақтөбеге әкетіпті.

Тілші Нағашбек Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *