Полицейлер Алматыны шулатқан жүгенсіз жүргізушіні іздеп тапты

Алматылық полицейлер көлігімен Әл-Фараби даңғылында қарсы бағытта жүріп, оны видеоға түсірген жүгенсіз жүргізушіні іздеп тапты. Өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінген 20 жастағы жігіт халықтан кешірім сұрады.

«Құрметті отандастар! Сіздерден кешірім сұрап, Әл-Фараби даңғылы бойында жол жүру ережесін өрескел бұзғаным үшін сіздерден кешірім сұраймын. Бұдан былай енді мұндай әрекетке жол бермен. Менің қателігімді қайталамаңыздар» — деді күлімсіреген күдікті.

Қалалық Ішкі істер депараментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, заңға пысқырып қарамаған тізгіншінің үстінен бес бірдей хаттама толтырылып, іс сотқа жолданады. Яғни, жүргізуші алдағы уақытта кем дегенде 6 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Еске салайын, атышулы видео әлеуметтік желіде бірер күн бұрын жарияланған болатын. Кейін, жол ережесін бұзған жүргізушінің парақшасында тағы бір видео жарияланды. Бейнеде, жігіттің жүріп бара жатқан көлікке шананы байлап, асфальттың үстінде сырғанап жүргені түсірілген. Қолданушылардың талқысына түскен бейнені жіті тексерген полицейлер, оқиғаның 2015 жылы түсірілгенін анықталып, жүгенсіз жүргізушіге іздеу жариялаған болатын.

Видео:

Тілші Нағашбек Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *