Қарағанды облысында екі жастағы бүлдіршін жоғалып кетті

Қарағанды облысы Техснаб ауылында екі жастағы бүлдіршін із-түссіз жоғалып кетті. Ата-анасының айтуынша Бекнұр Дәріғұл 2-қазан күні тал түске аулада ойнап жүрген жерінен ізім-ғайып болған. Бірнеше минутқа үлкендердің қарауынсыз қалған балақай қоршаудағы тесіктен өтіп, белгісіз бағытта кетіп қалған. Оқиғадан соң Бекнұрды іздеп табуға шыққан еріктілер үйдің маңайынан оның бір нәскиін тауып алыпты. Екі күннен бері хабар ошарсыз кеткен балақайды іздеу шаралары қазір тек ауыл аумағында ғана емес, сондай-ақ Балқаш қаласының маңында да жүргізілуде.

«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел жасағы жөнелтілді. Олар құтқарушылар, өрт сөндіру қызметі, кинологтар. Сондай-ақ, сүңгуірлер, ішкі істер бөлімінің 40 қызметкері мен 5 техникасы да іздеу жұмысына тартылған. Алайда әлі еш нәтиже жоқ» — деп хабарлайды Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбаева.

Баланың үстінде қызыл жейде мен ашық түсті колготкиі болған. Шашы қара, көзі қоңыр. Егер де Бекнұрды көрдім-білдім дегендер болса 8-705-326-86-98 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Тілші Нағашбек Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *