Хакерлер Қазақсанға қоныстануды көздейді. Неге?

Халықаралық хакерлік «Кобальт» тобының өкілдері Қазақстанға келіп қоныстануды көздеп отыр. Бұл туралы кибершабуылдарды талдау және тексерудің қазақстандық орталығы хабарлады деп хабарлаған Tengrinews.kz ақпараттық порталы.

Мамандардың пікірінше, бұған себеп болып отырған жайт – Қазақстан заңнамалары бойынша киберқылмыс үшін жауапкершілік өте мардымсыз немесе мүлде жоқ. Оған қоса Қазақстанда заңсыз компания құрып, оған серверлерді орналастырудың қиындығы жоқ. Ал Ресей, АҚШ, елдері мен Еуропа мемлекеттерінде бұл үшін қатаң жазаға тартылады.

Сарапшылар қазақстандықтарды хакерлік шабуылға ұшыраған жағдайда  кибершабуылдарды талдау және тексеру орталығына шағымдану керектігін айтады.

Тілші С. Алданов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *