«Өлімнен ұят күшті»: Алматыда жезөкшелікпен бірнеше жыл айналысқан бойжеткен хиджаб киді

Алматыда бірнеше жыл жезөкшелікпен айналысқан қыз хиджаб киіп кеткен. Бұл туралы #НеМолчи қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

Смаилова «Мен жезөкшелікпен Алматыда қалай айналыстым» деп тақырып қойып, әлгі бойжеткеннің бастан өткен жағдайын жазған.

«14 жасымда 9-сыныпты бітіріп, үлкен қалаға колледжге түстім. 1-курстың ортасында оқу ақшасын таксиде ұмытып кетіп, қатты қиналдым. Сол күні құрбыммен де ренжісіп, оқу орны алдындағы орындықта отырғанмын. Жаныма өзімнен 5-6 жас үлкен әдемі киінген курстасым кеп, менімен бірден ашық сөйлесіп кетті. Саунада жұмыс істейді екен. Өзімен бірге тұруға шақырды. Сол қыздың үйін 1 аптадай паналадым», — деген бойжеткен сол жағдайдан кейін өмірі 180 градусқа өзгергенін айтады.

Сауна мен қонақ үйде қызмет көрсете бастаған студент бастан түрлі қиындықты өткерген.

«Саунадағы ең бірінші күнім көрген түс сияқты өтті. 50 жастағы ер адамдар жиналды. Мені номерге шақырған ер адам14 жаста екенімді білген соң теріс қарап жатып қалды. Бірақ ақша төледі. Екінші күні 25-тегі жігіттер келді. Ол күнді ешқашан ұмытпаймын. Әбден қинады. Істемегендері жоқ. Ақшамды да бермеді», — деген кейіпкер сол күні сабаққа да бара алмаған екен.

Бойжеткеннің жезөкшелікпен айналысатыны колледждегі басқа студенттерге де тарап кеткен соң ол оқуды бір жола тастаған.

«Бәрі мені шеттетті. Содан кейін өзім де оқуға барғым келмей қалды. Бірге жұмыс істейтін қыздармен бір пәтерде тұрдым. Жеңгетайлар да бізбен бірге еді. Оларға күніне 5000 теңгеден беретінбіз. Үлкен отбасы сияқты едік.

Осылайша 24 жасқа келгенде дінге бет бұрдым. Сөйтіп жүргенде өзімнен 10 жас үлкен уахабис жігітпен кездестім. Кейін ол өзімен өзі жоғалып кетті. Құтылғаныма қуандым. Қазір нағыз өмірім басталған сияқты», — деген қыз өткен күні үшін қатты ұялатынын айтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *