Қазақстан мен Оңтүстік Корея еңбек миграциясы жайлы келісуі мүмкін

Қазақстан үкімет Оңтүстік Корея республикасымен еңбек көші-қонын реттейтін жаңа келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.  Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасы хабарлайды. Телеарна тілшісі  Кореяға арнайы барып, ондағы қазақстандық мигранттардың портретін түзіп қайтқан. Белгілісі Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың басым бөлігі 25-ке дейінгі жастар және отбасын құрмаған немесе тұрмысқа шықпаған қыз-жігіттер. Арнайы репортажда 7-8 қазақстандықпен сұқбаттасқан тілші олардың Қазақстанда көпшілігінің бір немесе бірнеше несиесі бар екенін және олардың көпшілігі тек орта білімі бар екені айтылған. Сондай-ақ мигранттардың көпшілігі Корей тілін білмейді және қара жұмыста ешқандай келісім-шартсыз және медициналық сақтандырусыз жұмыс істейтіні айтылған.  Материалда бірнеше қазақстандық азамат өздерінің жалақысын ала алмай жүргенін де айтып шағымданған.

Айта кету керек, Кореядағы шетелдік заңсыз жұмыс күшінің саны 330 мың адамнан асқан. Оның 12 000 қазақстандықтар. Бұдан бөлек биыл 10 айда 5000 қазақстандық визасыз режимге қарамастан Сеул әуежайынан елге кері қайтарылған. Себебі олар Корей иммиграция қызметіне өздерінің келген мақсаттарын түсіндіре алмаған.

Репортажда аталған келісімдерді ескере отрып, Қазақстан Үкімет мен Корей республикасының Үкіметі екі ел арасында еңбек көші-қонын реттейтін жаңа келісім жасақтауды жоспарлап отырғаны айтылған.  Аталған құжат тараптармен жақын арада қарастырылатыны айтылған.  Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінің Көші-қон процестерін реттеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов айтқан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *