Өткен тәулікте 38 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Күн сайын көшелерді тазалау жұмыстарын 100 шақты мердігер ұйым жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  «Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 25 қарашада тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 693 бірлігі жұмылдырылды. Қала көшелерін қардан тазартуға шыққан жол жұмысшыларының саны – 278 адам. 25 қарашада 37921 текше метр қар шығарылды. «Астана Тазалық» 16437 текше метр қарды шығарса, қалған мердігер ұйымдар – 19646, «Зеленстрой» АҚ – 1838 текше метр қарды қала сыртына жеткізді. 25 қарашада құм-тұз аралас қоспаның 425 текше метрі себілді. 16 қазан мен 25 қараша аралығында қала сыртына шығарылған қардың көлемі 332658 текше метрді құрайды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.

Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады.

Telegram https://t.me/astanaikomek109_bot

Facebook www.facebook.com/astana109/

Instagram www.instagram.com/astana109/

Telegram-канал https://t.me/astana109112.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *