Қыз зорлаған жігіт

Кәмелет жасына толмаған қызбен жүргені үшін жас жігіт 10 жылға сотталып кетті. Баланың ата-анасы болған жағдайға сенбей отыр. Себебі, бойжеткеннің анасы құқық қорғау органдарына қызын зорлады деп шағымданған. Тәртіп сақшылары мән-жайды түсіндірместен ұлын тергеуге алып, қамап қойған. Сот жабық есік жағдайында өтіп, бас аяғы бір айдың ішінде үкім кескен.

Самал Жанболатова :
-Ең алдымен сіздерден көмек сұрай келдім, кеше менің баламды 10 жылға бас бостандығынан айырды.Баламның кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынаста болғаны үшін; мен баламның кінәлі екеніне сенбеймін, оған себеп көп, біріншіден амморалдық өмір сүрген отбасы,яғни анасы Ольга және қызы Екатерина, қазіргі уақытта жасы 15-те, ал менің ұлым 19 жаста, ұлым Думан және Екатерина қыз жігіт болып жарты жылдай жүрген, кейін балам қызының өзінің досымен көзіне шөп салғанын біліп, Думан қызбен ара-қатынасты өте өрескел айтып, көрінгенмен төсек қатынасында екенін айтып үзген.Мұны білген Ольга, ұлымнан 100 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Кейін мас болып 50 мың сұрағанда, балам ақша беруден тас тартты.Одан кейін Ольга ұлыма арыз жазып, түрмеде шірітемін деп қорқытқан. Қыздың анасы балам жұмыс істеген ойынханаға келіп ұлымнан ішімдік талап ететін, ал қыз, балам істеген жерге көп келіп жүретін, себебі анасы үйінде ішкіштерді жинап, қызын далаға қуып жіберетін. Тіпті бір рет ойынханаға келіп балама пышақпен сес көрсеткен, көрген куәгерлерде бар. Сосын ұлыма зорлады деп арыз жазды, бірақ қыз, зорлау емес, өзара келісіммен болды деп айтқан, бірақ бұл жерде сот шешімі қыздың 15 жаста екенін ескеріп, ал оның қалай өмір сүріп жатқанына назар аударып жатқан жоқ. Біздің қолымыздағы айғақтарды судья қарастыруға да рұқсат етпеді. Осы айғақтардан бәрі бастау алады, ол қыз анасымен бірге ішімдік ішіп, темекі шегіп, бүгінгі таңда 23 жастағы азаматпен бірге өмір сүріп жатыр.Менің пайымдауымша Ольга өз қызын ақшаға сатуға дайын тұрған адам. Тіпті ол жігіттің анасымен де, қызыменде қары-қатынасы бар деген қауесет бар.

Сотталған жігіт те, кәмелетке толмаған қыз да қаладағы 13 орта мектепте білім алған. Екеуі де 9 сыныптан соң орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына ауысып кеткен. Ал, қыздың ұстаздары болса оның сабақ үлгерімі де, отбасылық жағдайы да нашар болғанын растап отыр.Жанболатовтар отбасы ұлының ұсталғаны жөнінде мүлдем бейхабар болған. 16 күн уақытша ұстау изоляторында жатқан баласын ата-анасы шарқ ұрып іздеп, бірақ тапқан. Тіпті, жас жігіттің үстінен шағым түсірген әйел баласынан ақша да бопсалаған көрінеді.Ащы суды асыра сілтейтінін, қызына дұрыс тәрбие бермегенін келіншектің көршілері де растап отыр. Күнде бөтелкелестерімен бас қосатын оның бұл қылығынан әбден мезі болған олар бірнеше рет учаскеліп полиция да шақырған. Нәтиже жоқ көрінеді.Ал, отбасыға сот ісінде көмектесем деген адвокат бұл іс бойынша қандай да бір ақпар беруден бас тартты. Енді, қайғыдан құса болған отбасы барлық құжаттарды жинап жоғары инстанциялы органдарға шағым дайындап жатыр. Ол үшін Жанболатовтар отбасында 10 күндей ғана уақыт қалды.

( бейнежазбада Екатерина Петракованың өмір сүру әдебі)

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *