Жаман ауруға шалдыққан жалғызбасты ана елден көмек сұрайды

Қатерлі ісікке шалдыққан үш баланың анасына көмек қажет. 54 жастағы Шымкенттік Назира Мамытованы отандық дәрігерлер аяқтан тұрғыза алмай жатыр. Үш жыл емдегенімен, нәтиже болмапты. Сондықтан, ол енді шетелде емделуді көздеп отыр. Ол үшін қыруар қаражат қажет. Амалы таусылған отанасы осы күні елден көмек сұрауға мәжбүр болып отыр. Тақырыпты шарасыз күйге түскен анамен тілдесіп қайтқан әріптесім Пернебек Біләлбек жалғастырады.

Назира Мамытованың өмірге деген талпынысы біздің де жүрегімізді елжіретті. От анасының орнынан тұрмай, төсек тартып жатқанына жарты жылға жуықтаған. Жатырға біткен жара жазылар емес. Қайта ұлғайып барады дейді. Үш жылдай облыстық онкологиялық ауруханасында ем қабылдағанымен, нәтиже болмапты. Мүмкіндіктің бәрін қарастырған отандық дәрігерлер енді шетелде емделуге кеңес берген. Ол үшін кем дегенде 20 мың АҚШ доллары қажет екен.

«Әйтеуір, ақырғы үмітім, Турцияда емделсем деймін. Елден-жұрттан көмек сұрап жатырмын. Ел іші ғой бір жанашыр адам табылар деп. Енді өзімнің жағдайым жоқ, Турцияға барып емделетін» — дейді науқас Назира Мамытова.

Төсек тартып жатқан от анасы қаладағы аурухананың бірінде медбике болып еңбек еткен. Қатерлі ісікке ең алғаш 2005 жылы шалдығыпты. Бірақ, өзі дәрігер болғандықтан ба, әлгі ауруынан айығыпты. Алайда, арада он жыл өткенде дерт денесінің басқа жеріне жабысқан. Міне, содан бері ауруымен алысып келеді. Екі қызы тұрмыста, кенжесі басқа қалада студент. Сондықтан оған туыстары қарайласып тұрады. Бұл жолғы кезек Жетісайдағы әпкесіне келіпті. Ет жақын бауыры бейнекамера алдында жүрегі елжіреп, елден көмек сұрауға мәжбүр болды.

«Мейірімді жандар табылатын шығар деп ойлаймыз енді. Кешелегі бері жүрегім тығылып отыр. Жыласам болды, көңілі босайды ғой деп. Енді сұранатыным әйтеуір, қол жәрдем, сөз жәрдем болса деп отырмыз. Аяқтан тұрып кетсе, әркім өз бала шағасына ие болса дейміз» — науқастың әпкесі Жұмагүл Мамытова.

Дәрігерлер Назира апайдың дертіне шипа болатын медициналық көмек көрсетілгенін айтып отыр. Өкінішке орай, жараны жаза алмаған. Құр қарап жатпай, шетелге шығып көруді ұсыныпты. Мүмкін алтын қолды дәрігерлер асқынған ауруды тоқтататын шығар дейді.

Назира Мамытоваға кез келген адам көмек қолын соза алады. Ол үшін экранда көрсетілген байланыс номеріне хабарлассаңыз болғаны. Өйткені, Сіздің әрбір қоңырауыңыз Мамытовтар әулеті үшін өте маңызды.

+ 7 747 109 31 04 қызы Гаухар

5169 4931 7723 7867  Kaspi Gold

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *