ҚазАгро Qazaq banki-нде кеткен миллиардтарды қайтара алады ма?

Бағасы жарты миллиард теңгеден асатын котедж бен бірнеше бизнес орталық және ондған қымбат пәтер. ҚазАгро холдингі банкротқа ұшыраған Қазақ банкінде кеткен 20 миллиард теңгесін қайтарып алуға тырысуда. Ауылшаруашылығы саласына бөлінген миллиардтаған қазына қаржысы аталған банктің шоттарына салынған. Алайда  банк те оған салынған қаражат та құрдымға кеткен.  Енді бұл ақшаны қайтарып алудың бір ғана жолы —  банктен қалған мүліктерді сату. Қымбат ғимараттардың аукционы осы аптаға жоспарланған.  Бұл туралы  «Qazaqstan» телеарнасы хабарлайды.

Астананың дәл ортасында Сарайшық 24 мекен жайында орналасқан коттеждің ауданы 559 шаршы метр. Аукцион 20 сыншы желтоқсанға жоспарланған. Котеждің бастапқы бағасы 505 миллион теңге.  Бұл қазақ банкінен  қазагро холдингіне берілген жалғыз ғимарат емес.  Аукционға Алматы қаласында әрқайсысының ауданы 150 шаршы метрден, бағасы 75 миллион теңгеден асатын 13 пәтер, 1 миллиард теңгеге тұратын 6 қабатты әкімшілік ғимарат, 2 миллиард теңгеге бағаланған бизнес орталық пен 3 миллиард теңгеге тұратын жатахқана ғимараты шығарылған. Бұлардың барлығы Алматының орталық көшелерінде орналасқан нысандар,- дейді материал авторы журналист Дулат Абибуллаев.

«Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» ақ баспасөз хатшысы Әсел  Ғаббасова банкротқа ұшыраған банкте  холдингтің 20 млрд тг жуық қаржысы кеткенін айтты. Оның орнына ҚазАгроға жоғырда аталған  18 нысан берілген. Алайда аукционда  ғимараттардың бұл бағаларға сатылуы екіталай дейді материал авторы.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *