Мүгедектерге қосылған үстемақы 1200 теңгені құрады

2019 жылдан бастап  1 топ мүгедектігіне байланысты жәрдемақы 2 715 (57 021 тг) теңгеге, 2 топ үшін 2 163 теңгеге (45 438), 3 топ үшін 1 470 теңгеге (30 886) өседі. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлайды.

1 қаңтардан бастап сондай-ақ балалы болуына байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы қазіргі 91 390 теңгеден  95 950 теңгеге немесе 4560 теңгеге артады. Болады,- дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысы Райхан Жолдықұлова. Сондай-ақ жаңа жылдан бастап  4-ші баланы босанған аналарға бір реттік жәрдемақы 151 515 теңгеден 159 075 теңгеге немесе 7560 теңгеге артады. Ал асыраушысынан айырылғануына байланысты бір балаға берілетін  жәрдемақы 1216 тг өседі. Қазір бұл жәрдемақы көлемі 24 325 болса, жаңа жылдан бастап 25 541 теңге болады. Сондай-ақ жаңа бейнематериалда жаң жылдан бастап әйелдер биылғыдай 58,6 жастан емес 59 жаста зейнетке шығатыны айтылған. Бұл тәртіп бойынша алдағы жылы 1960 жылдың шілдесі мен желтоқсан айы аралығында дүниеге келген әйелдер зейнетке шығады. Ал айыппұлдар мен түрлі төлемдерге тікелей әсер ететін АЕК көрсеткіші 2019 жылға 2 525 теңге болып бекіді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *