Өзін риэлтор ретінде таныстырған алаяқтан сақ болыңыздар

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, жұртты тақырға отырғызып кеткен алаяқ ұсталды. Күдікті 30 жастағы — қала тұрғыны екен. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, әйел — жұрттың сеніміне кіру үшін кеңсе ашып, өзін риэлтор деп — таныстырған. Сөйтіп, жоғарыда тамыр-таныстарым бар, аз уақыттың ішінде — баспаналы боласыңдар деп сендірген. Ал, көмегі үшін — қомақты қаржы талап етіпті. Мәселен, алаяқтың арбауына түсіп қалған қала тұрғынының бірі —күдіктінің қолына 2 миллион 900 мың теңгені ұстатыпты.

Бұл туралы САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Қазіргі таңда 15 тәріздес қылмыстарға қатыстылығы дәлелденуде. 2 миллионнан аса сомаларды бір адамнан алған өз қызметі үшін, егер осы кісіден, осы адамнан зардап шеккен азаматтар бар болатын болса, полицияға 298-53-70 және 298-53-72 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *